14

Болашақ білімді жастардың қолында

«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп дана бабаларымыз айтқандай, мемлекеттің тірегі, басты құндылығы – адамдар. Еліміздегі әр тұрғынның тәлім-тәрбиесі отбасынан бастау алады. Сол себепті  қазіргі қоғамның басты міндеті ел болашағы – жастарға сапалы білім беру болып отыр. Осы мақсатта «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары қала және аудандарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықпен тікелей байланысқа шығып жүр.
Елбасы жолдауында жастар мен отбасы институтына қолдау көрсету керектігіне назар аударған. Осы кезекте айта кету керек, ғылым мен техника дамыған бүгінгі қоғамда жастардың тоқсан пайызы әлеуметтік желілерді белсенді қолданатыны байқалған. Әлемдік ақпарат көзіне айналған ғаламтордағы мәліметтің дұрыс-бұрыстығын ажырата білу, қазақ мәдениеті мен дүниетанымына сай ұғым мен дәстүрді ғана қабылдау және басқа да түсіндіру жұмыстарын жүргізу – «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қазіргі таңдағы қызметін анықтап отыр. Осы мақсатта орталықтағы барлық білікті мамандар мен материалдық ресурстар жұмылдырылып, түрлі бағыттағы жұмыстар атқарылып келеді. Осылайша егеменді еліміздің болашағы жарқын болсын десек, жалынды жастарға жігер беріп, білімді де, білікті маман боп шығуларына үлес қосуымыз керек.

Комментарии закрыты.