15

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫНДА

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Нұрбол Панаев Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар мекеме қызметкерлері және мектеп ұжымымен кездесті. Атап айтсақ, Шеңбертал, Темірастау, Б. Алманов атындағы жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына дін мен дәстүр сабақтастығы, жат ағымнан сақтану тақырыбында семинар-тренингтер өткізді. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстелде діни радикализмнің алдын алу және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде пікір алмасу болды.

Комментарии закрыты.