18

БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің конференц-холлында өткен студенттермен кездесуге «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н. Жаншин қатысты. Жастарға орталықтың өнімі – «Білімдіге дүние жарық» бейнеролигі көрсетілді. Осы бейнероликте 2016 жылы лаңкестік әрекетке қатысып, өмір бойы бас бостандығынан айрылған адамдардың тағдыры бейнеленген. Істеріне өкініп, қандай уағызшылардың сөзіне еріп кеткендерін мойындаған олар елімізде тыйым салынған әдебиеттерді оқығандарын да атап өтті. Н. Жаншин бейнероликте аты аталған уағызшылар мен әдеби кітаптар жайында ашықтама беріп, жат ағымнан сақтану үшін діни мағлұматты тек дін мамандарынан алу қажеттігін ескертті.

Комментарии закрыты.