27

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМҒА ҚАРСЫ

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 4-жатақханасында студенттерді ақпараттандыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бірлескен жоспарына сәйкес мамандармен кездесу өтті. Жиын барысында Елбасының жолдауы талқыланып, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Жандос Мирманов ислам дінінің қазақ мәдениетімен сабақтастығы мен жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді.

Комментарии закрыты.