25

Қызылорда облысындағы іс-сапар

Дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, дінтанушылар Т. Әбуов пен М. Орынбай және Ақтөбе облысының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары, теолог Т. Талдыбаев іс-сапармен Қызылорда облысына барды.

Екі күндік іс-сапар барысында аталған мамандардың түрлі сала өкілдерімен кездесулері жоспарланған. РАТТ мүшелерінің алғашқы кездесуі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру бағытында және тәжірибе алмасып, түйткілді мәселелерді ортаға салу мақсатында облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен өткізілді.
Онымен қоса, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Байқоңыр қаласында, Төретам және Әйтеке би кенттерінде жалғасын тапты, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде аймақтағы мешіт имамдарымен кездесті. «Қазақ халқының ұлттық дүниетанымының қалыптасуындағы дәстүр мен діннің рөлі» тақырыбындағы жиында мамандар керағар ағымдардың ұлттық салт-дәстүрге тигізер кері әсері мен оның алдын алу жолдары жөнінде баяндады.
РАТТ мүшелері облыс орталығында №101 мектеп ғимаратында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері мен мектеп психологтарымен жүздесті. Шарада дінтанушылар дәстүрлі емес діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері жайында әңгімеледі. Өскелең ұрпақ түрлі діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін атқарылатын бірқатар іс-шаралар, жат ағымның жетегіне түсіп үлгерген жағдайда олармен жұмыс жүргізу тәсілдері жайында қажет ақпараттармен бөлісті. Жастардың санасына қалыптасып үлгерген дәстүрлі емес діни ағымның дүниетанымын өзгерту үшін мектеп психологтары мен баламен жұмыс жасайтын жауапты мамандарға білуі керек болған әдіс-тәсілдерді үйретті. Жиын соңында ұстаздар меймандарға сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Комментарии закрыты.