28

ЖАСТЫҚ ДӘУРЕН БОС ӨТПЕУІ КЕРЕК

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-мамандары Т. Талдыбаев, Н. Панаев және Ж. Мирманов қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен сұхбат құрды. Атап айтсақ, кездесулер С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақ-орыс халықаралық университеті және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өтті. Жастар дәстүрлі дін бағыты жайлы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, жат ағымдарды ажырата білу және олардан сақтану жолдарын үйренді. Теолог-мамандар теріс ағым өкілдерінің жастарды қалай өздеріне қаратып, байқатпай уыстарына түсіретінін түсіндіре отырып, діни мағлұматты тек дін қызметкерлерінен алу және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен әдебиеттерді оқу керектігін ескертті. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға қарап, жастарды еліміздегі діни ахуал, әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан діни мәліметтердің дұрыс-бұрыстығы көбірек алаңдататыны байқалды. Ал енді теріс пиғылды жандардың жетегінде кетпес үшін жастарға студенттік шақта уақытты бос өткізбей, жан-жақты білім алып, көп еңбектену керектігі жайында насихат айтылды.

Комментарии закрыты.