33

ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫМЕН СҰХБАТ

Студенттердің екінші үйіне айналған жатақханаларда теолог-мамандар жастармен жүздесті. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі және Ақтөбе байланыс және электротехникалық колледжінің жатақханаларында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Н. Панаев пен Ж. Мирманов студенттермен сұхбаттасты. Кездесудің мақсаты жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды қажет мәліметтермен ақпараттандыру болды. Соның ішінде, қоғамдағы теріс бағыттағы дін өкілдерін әрекеттері мен сөздеріне қарап ажырата алу, мағлұматты ресми сайттардан ғана алу секілді ескертулер жасалды. Студенттер де өз сауалдарын қойып, қажет жауаптарын алды.

 

Комментарии закрыты.