10

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Педагогика және психология факультетінің студенттеріне «ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ» тақырыбында тәрбиелік-тағылымдық түсіндіру шарасы өтті. Аталған шараға Ақтөбе дін істері басқармасы ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығынан теолог Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы шақырылып, студенттерге жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді, студенттер өздерін ойландырып жүрген түрлі сұрақтарына жауап ала алды. Шара соңында 2 курс студенті М.Сабиеваның жеке туындысын Жарылқап Ақнұр нақышына келтіре орындап, тыңдармандарға терең ой салды.

Комментарии закрыты.