27

ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Мұғалжар ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Р. Мералы мен Э. Әділханова аудандық «Нұр» мешітінде әйел жамағатымен және Өндірістік-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесулер кезінде қыз бала тәрбиесі, әйел психологиясының ерекшеліктері жайында түсіндіріліп, дін мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар АТТ мүшелері, теолог мамандар – Т. Талдыбаев пен А. Темірханов тұрғындармен, бірқатар мекеме қызметкерлерімен кездесіп, мешітте намазға жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Комментарии закрыты.