IMG_1166

«ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының инстаграм парақшасындағы оқырмандар арасында өткен «Дін мен дәстүр» байқауы аяқталды. Екі айға созылған байқаудың мақсаты: ислам діні мен қазақы салт-дәстүрдің сабақтастығын насихаттау.
_________
«Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы бірлесе ұйымдастырған рухани кеште аталмыш байқаудың қатысушылары мен мешіт ұстаздары бас қосты.
_________
Байқау нәтижесінде І орынды Қойшығұлова Анар иеленсе, ІІ орын Бектаева Диляром есімді оқырманға бұйырды, ал Таңбаева Мадина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға микротолқынды пеш, блендер, үтік секілді бағалы сыйлықтар табысталды.
_________
Шара барысында Түркия мемлекетінен қонақ ретінде шақырылған ұстаз Гүлжамиля Ахметова қыз бала әдебі жайында уағыз-насихат айтып, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова ел бірлігі, ұлтаралық татулық тақырыбында дәріс оқыды.
________
Дастархан басына жиылған жамағатқа арнап арнайы сый ретінде сәнді орамалдар таратылды.
________
Оқырмандар болса, «Дін мен дәстүр» байқауы өздеріне және жалпы оқырмандарға ой салған танымдық жоба болғанын сөз етіп, алғыстарын білдірді. Келесі жылы да осы секілді игі шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарымен бөлісті. Анар Қойшығұлова есімді қатысушы қонақ кәде ретінде «Аңсарға арнау» өлеңін оқыды.
_________
Шара соңында оқырмандар «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына келіп, орталық тынысымен, ұжыммен танысты.
P.S. Оқырмандарымыздың шығармашылығымен орталығымыздың @ansarcn инстаграм парақшасынан #ansardinmendastur хэштегі арқылы таныса аласыз.

Комментарии закрыты.