IMG-20181215-WA0016

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

«Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен Әйелдер сауат ашу орталығында әйел жамағатына арналған психологиялық тренинг өтті. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Әділханова «Жеке тұлға психологиясы» тақырыбында дәріс оқып, практикалық тапсырмалар орындалды. Әр адамның жеке тұлға ретінде алдына өмірлік мақсат қойып,  сол мақсатқа жету жолында даму жолдарын түсіндірді. Жиналған жамағат практикалық жұмыстар барысында көкейлерінде жүрген көкейкесті мәселелері мен сауалдарына психолог маманнан және Жилисбаева Ақжарқын ұстаздан теология тұрғысынан жауаптар алды.

P.S. Сіз немесе жақындарыңыз психолог маманмен кеңесуді қаласаңыз, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары сіздерге тегін көмек көрсетеді. Ол үшін орталығымыздың 8(7132)741-707 СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНА хабарласыңыз. Мекенжайымыз: АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, М. ОСПАНОВ КӨШЕСІ 96.

Комментарии закрыты.