IMG_20181220_232738_838

«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ»

Әйелдер сауат ашу орталығында әйел жамағатына арналған «Адамзаттың асыл тәжі» атты Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.с.) өмірі жайлы сайыс өтті.
________
Аталмыш шара «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы және Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
_______
Сайыс Таныстыру, Бәйге, Жорға және Сыр сандық атты кезеңдерден тұрды. Қатысушылар пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалардың өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар бойынша сыннан өтті.
_______
Жарыс нәтижесінде: – Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің «Наср» тобы – І орын, – «Досжан Хазрет» мешітінің «Әмина» тобы – ІІ орын, – Ақтөбе қалалық орталық мешітінің «Нұр» тобы – ІІІ орынды иеленді.
________
Жеңімпаздар мен ұстаздарына бағалы сыйлықтар табысталды. Сайысқа келген көрермендер де назардан тыс қалмады. Сиәр тақырыбынан оларға да қызықты сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.

Комментарии закрыты.