IMG-20181220-WA0033

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасы аясында облыстық дін басқармасының қолдауымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы, ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында ауқымды спорттық, мәдени және ағартушылық іс-шаралар өткізілуде.
_________ «Дін. Дәстүр. Руханият» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қоныс» спорт кешенінде облыс аумағындағы мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир басталды.
__________
Турнирде 5 ауданнан (Хромтау, Мұғалжар, Байғанин, Темір, Алға) және облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешіті және «Аңсар» орталығының қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынасуда.
__________
Шараның мақсаты мешіт жамағаттары арасында ауызбіршілікті қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
__________
Турнирдің ашылу салтанатына облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрмен, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы Айгүл Дүйсенова және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысып, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
___________
P.S. Қазан айында қала мешіттерінің жамағаттары арасында шағын турнирден іріктеу кезеңі өткізіліп, бүгін облыс көлемінде аудан мешіттері жамағаттарының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Комментарии закрыты.