IMG_20181224_102834_295

МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Мәртөк ауданында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, псиxолог маман Бауыржан Торғайұлы мен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының теолог маманы Асланбек Сағынайұлының қатысуымен кездесулер өтті. Мамандардың қатысуымен аудандық Қорғаныс істері бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары баяндалды. Сонымен қатар Қаратоғай, Сарыжар ауылдық округтерінде ата-аналармен кездесулер өтті. Жиын барысында балалардың бос уақыттарын қалай өткізетіні, діни ақпаратты қайдан алатынына мән беру қажеттілігі жайында айтылды.

Комментарии закрыты.