IMG-20181227-WA0034

ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл бойы еңбек етіп, осы қызметте үздік деп танылған қызметкерлердің еңбегі бағаланды. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев облыс басшысы Б. Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталса, Раушан Мералы мен Эльмира Әділхановаға облыс әкімінің орынбасары М. Тоқжановтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара барысында дін саласындағы қызметі мен өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар 8 номинация бойынша марапатталды.

Комментарии закрыты.