IMG-20190117-WA0011

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде аудан мұғалімдеріне арналған семинар өтуде. Аталмыш семинарда «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Қоғамда белең алған діни жат ағымдардан сақтану жолдары, жастардың, соның ішінде, оқушылардың ғаламтор материалдарын елімізде рұқсат етілген сайттар мен парақшалардан ғана алуына ескерту керектігі түсіндірілді. Ұстаздар тарапынан осы тақырыпқа сәйкес көптеген сауалдар қойылып, мәселе жан-жақты талқыланды.

Комментарии закрыты.