IMG-20190123-WA0010

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н. Панаев қаламыздағы №15 және 50 мектептердің ата-аналар жиналысына қатысты. Жиын барысында теолог маман «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, жастарды жат ағым ықпалына ұшыраудан сақтандыру, елімізде ҚМДБ тарапынан рұқсат етілген сайттар мен діни әдебиеттерді ғана қолдану қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар теолог Нұрбол Аханұлы Әуе Қорғаныс институтының курсанттары және офицерлерімен өткен кездесуге қатысып, жастар арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Суицидке итермелейтін жайттар мен жастардың қоғамнан оңашалану себептері жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, аталған мәселе жан-жақты талқыланды.

Комментарии закрыты.