IMG-20190123-WA0016

ЖАСТАР ЖЫЛЫ АШЫҚ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Жастар жылын салтанатты түрде ашық деп жариялады. Елбасы қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жастардың кең ауқымда және тиімді қатысуы үшін Жастар жылының маңыздылығын атап өтті: «Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық. Есілдің жағасында еңселі елордамыз – Астананы тұрғызып, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістікке қол жеткіздік. Жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр».
Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл жастар жылы болып жарияланып, оның аясында мемелекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Комментарии закрыты.