Q3pdmetamy4

«МЕДИНА» ТІГІН ЦЕХЫ ЖӘНЕ MEDINA_KZ СӘН ҮЙІ «ҚҰТТЫ ҚАДАМ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жиын барысында қолөнер бұйымдары және қазақы киімді насихаттайтын сән үлгісі көрсетіліп, салт-дәстүрдің сырлары айтылды.
«Медина» тігін цехы және «Medina_kz» сән үйі алғашқы кәсібін «Нұр ғасыр» мешітіне тарту рәсімін өткізді.
Шара барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Орталықтың маманы Э.Әділханова «Ұлттық киімдер мен ою өрнектің тарихы» туралы айтты.
Салтанатты рәсімнің қонақтары ретінде Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе облысы дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ және «Жарық» ақпараттық-консультивтік орталығы ЖММ, «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесі, облысымызға танымал дизайнерлер мен кәсіпкерлер қатысты.

Комментарии закрыты.