6961ba23-e8af-456b-9f05-d4cb74789135

2019 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ АЙҚЫН

19 ақпан күні облыс әкімдігі ғимаратында Ақтөбе облыстық дін істері басқарамасының басшысы Ә.Тұралиевтің төрағалық етуімен жиналыс өткізілді. Жиналысқа қала және аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшылары, ішкі саясат бөлімдері және дін мәселелері жөніндегі орталық басшылары қатысты. 
Жиналыс барысында Әлімбек Жәнібекұлы облыстағы діни ахуалға шолу жасап, 2019 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 
Сондай-ақ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин облыс әкімінің орынбасары М.Абдуллин бекіткен «Дін.Қоғам.Жастар» жобасымен таныстырып, қала және аудандарда өтетін түрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылу ережелері жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Өмірзақұлы аудандармен тығыз қарым-қатынас орнату және жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында әр ауданға бекітілген кураторлардың жұмыс кестелерін түсіндіріп, жұмысты тиімді үйлестіру бойынша баяндама жасады.
Жиналыс соңында облыстық дін істері басқармасының басшысы тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.

Комментарии закрыты.