0111

ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Физика және математика» факультетінің 1 курс студенттері «Аңсар» ақпаратттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншиннің қабылдауында болды.

Орталық басшысы Н.Жаншин студенттермен ашық диалог орнатып, көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылы «Жастар жылы» деп бекітуіне орай, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұсынысымен бекітілген «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында жыл бойына жастар арасында түрлі форматтағы рухани-тәрбие, мәдени-спорттық, шығармашылық және қайырымдылық шаралар өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Қазіргі күні жоба аясында жастармен тығыз қарым қатынас орнату және дұрыс бағыт бағдар беру мақсатында «Аңсар» орталығының әлеуметтік желілерінде «Дін мен дәстүр2» байқауы, зияткерлік сайыстар өтіп жатқандығын айтып, студенттерді қатысуға шақырды.

Жастар жылына орай қайырымдылық шаралары арқылы мұқтаж жандарға көмектесуге, жастарға қолдау көрсету мақсатында «Аңсар» орталығы жанынан  «Ансар еріктілері» тобы құрылғанын айтып, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ансар еріктілер» тобының алғашқы бас қосуы өтілетіндігі айтылды.

Шара барысында 2016 жылғы Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік жағдайға орай түсірілген «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» атты бейнеролигі көрсетіліп, «Аңсар» орталығының өнімдері (кітап, кітапша, буклет, «Сенім телефоны» жапсырмалары) сыйлыққа берілді.

Комментарии закрыты.