121212121

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Діни экстремизм мен терроризм  профилактикасы бойынша «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Б.Жусупов №27 мектепте, орталықтың теолог мамандары Д.Ұзақбай №22 мектепте және С.Жидебаев Ақтөбе өнеркəсіптік техналогиялар жəне басқару колледжінде, сонымен қатар қалалық №21 мектеп гимназиясының жоғары сынып оқушыларына дәріс оқыды.

Шара барысында студенттер мен оқушыларға еліміздегі экстремистік ұйым есебіне алынып, сот шешімімен тыйым салынған ұйымдар жөнінде жəне де  экстремистік – террористік əрекеттерді ұйымдастыру себептері түсіндіріліп, дәріске қатысушылардың  сауалдарына толық жауаптар қайтарылды.

Комментарии закрыты.