_MG_4142

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

6 наурыз күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары – М.Е.Абдуллиннің төрағалық етуімен облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» АТО қызметкерлері, ҚМДБ өкілдігі, облысымызға белгілі зиялы қауым (университет профессорлары, қоғам қайраткерлері), мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін өкілдері мен теолог мамандар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасап, 2019 жылға жұмыс жоспарымен таныстырды.

Атап айтсақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялауына орай жоспарланған «Дін. Қоғам. Жастар» жобасының іс-шаралар жоспары облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Ерғалиұлының бекітуімен жүзеге асырылуда.

Аталмыш жоба аясында облысымыздағы жастарға рухани тәрбие беру мақсатында әртүрлі форматтағы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Орталықтың жанынан «Аңсар еріктілері» тобы құрылып, алғашқы қайырымдылық шарасын «1 наурыз – Алғыс айту» күніне арнады. Аңсар еріктілері халық көп шоғырланған «Астана» сауда үйінің алдында тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ үлестіріп, сонымен қатар жалғыз басты аналарға қолдау көрсету мақсатында бірнеше отбасыға азық-түлік апарып берді.

Сондай-ақ, «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында облыстық жастар саясаты мәселелері және білім басқармаларымен бірлесіп бекітілген үш жақты жоспарға сәйкес облысымыздың жалпы және орта арнаулы білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында жаңа форматтағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, АТТ құрамындағы имамдар мен теолог мамандарының қатысуымен аудан, ауыл мешіттерінде әйел және ерлер жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырылып, дәрістер, семинар-тренингтер, т.б. шаралар өткізу жоспарланды.

Сонымен қатар жиын барысында «ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы, облыстық АТТ тобының мүшесі Еспағамбетов Келдібай Еспағамбетұлы ҚР Мемлекет басшысы – Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының 18 сессиясында жариялаған 10 басты бағыт тақырыбында, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор, облыстық АТТ тобының мүшесі Тайжанов Алтай Тайжанұлы және облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Күзенбаев Нұрлыбек Шакизадаұлы баяндама жасап, жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен бөлісті.

Жиналыс соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Ерғалиұлы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім жұмыстарымен танысып, «Аңсар» діни-танымдық бағдарламасының студиясы мен кітапхананы аралап, орталықта шығарылған өзекті мәселелерге қатысты түрлі тақырыптағы кітапша, бүктемелер, бейнероликтерге оң бағасын беріп, биылғы жылы да өңірдегі діни ахуалды тұрандыруға бағытталған жұмыстарға сәттілік тіледі.

Комментарии закрыты.