133f291c-2db0-4581-a3de-fe220b6e13f9

АҢСАРДА KINOTIME

Аңсар еріктілер тобының ұйымдастыруымен жастарға арналған  КІNOTIME өтті.

Еріктілер тобының жоспарына сәйкес ғибрат алар, өмірлік мағынасы бар әрі жастардың  талғамына сай «Анаға апарар жол» фильмі назарға ұсынылды.

Орталық басшылары – Нұрсұлтан Берікұлы, Төлеген Өмірзақұлы және псиxолог Эльмира Қайырғалиқызы сөз алып, еріктілер тобының ашудағы мақсатына тоқталып, фильм туралы жастармен пікір бөлісіп, сұхбаттасты.

Сағыныш, қадір, қасиет, тәрбие, қайырымдылық, тарих, дін, қиыншылық, тағдыр.  Жиналған жастар осы фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Ата-анаға, ауылға деген сағыныштарын сол сәтте жеткізуге асыққан жастар да, өз тілі үшін қызмет етуге қашан да даяр екенін қайталаудан жалықпайтын да жастар осы жерден табылды.

Бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан жайттар да  «Кеңес шайда» талқылаудан тыс қалмады.

Р. с: Егер сіз демалысыңызды пайдалы әрі қызықты өткізгіңіз келсе, әр жексенбі «Аңсармен» бірге болыңыз.

Жексенбі, 17 наурызда баршаңызды «ЖАСТАРДЫҢ УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫ» атты семинар-тренингке шақырамыз.

Өзіңіз туралы тренингтен қалыс қалмаңыз!

Өтетін уақыты: 17 наурыз

Комментарии закрыты.