рамка жастар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ НЕГІЗІ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары Н.Панаев және С.Жидебаев діни экстремизм мен терроризмге профилактикасы бойынша қалалық №47, №36 жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен, сонымен қатар Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жастар және дін: рухани қажетілік пе, әлде сән бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шарада жастар мен діннің арақатынасы, жастардың дінге қызығушылығы және дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діннің айырмашылықтары туралы сөз қозғалды.  «Шариғаттағы хижрет сөзінің түсініктемесі», «Сенім телефоны» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Комментарии закрыты.