рамка жастар kопировать

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин жастармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің болашақ дәрігерлерімен және Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аудандар бойынша жауапты қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде қазіргі таңда қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі діни жат ағымдар туралы, ағымдардан сақтану жолдарын баяндады. Теріс көзқарасты ұстанушылардың діни сенімде шектен шығуы халық арасында алауыздық пен түсініспеушілік тудыратынын ескертті.

Комментарии закрыты.