d23d08f3-7e72-4f15-91e8-eacbaff310f3

«ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Ислам ғылымхалы» кітабы бойынша зияткерлік сайысының екінші бөлімі «Ақтық кезеңі» 13 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жалғасты.
Шара барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған іс-шараға әділқазылар төрелігінде «Адырна» журналының бас редакторы – Мейірхан Ақдәулетұлы, ҚМДБ Ақтөбе облысының өкілі, облыстық «Нұр ғасыр» мешітің бас имамы – Төлеби Оспан Дәділұлы және «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы – Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы, төрелік етті.
Бірінші бөлім «Іріктеу кезеңінен» өткен 16 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.
«Ақтық кезеңде» қатысушылар «Кім жылдам?» және «Мен таңдаймын» атты шарттарды орындады.
Сондай-ақ сайысқа келген көрермендер арасында викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы дәстүрлі ислам ханафи мәзһабы бойынша уағыз насихат айтты.
Сайыс нәтижесі бойынша І орынды – Утеулиев Кадырбек Кумисбекович, ІІ орынды – Ақмұрза Мейіржан Анарбекұлы жеңіп алса, ІІІ орынды – Есберген Айгерім Ерболатқызы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен қатар iPhone 6, Huawei P 20, Huawei P Smart бағалы сыйлықтарды жеңіп алды.
Шара соңында сайысқа қатысушыларға облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына экскурсия ұйымдастырды.

Комментарии закрыты.