6545646

ДІНИ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жастар арасында жүргізіліп жатан түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы «Жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу», «Жастар жат ағымға қарсы», «Дін мен дәстүр» және т.б. тақырыптарда №45, №49, №50, №51, №56, №61 жалпы білім беретін орта мектептерде және әскери- техникалық мектепте арнайы дәрістер оқыды.
Іс-шараларға мектеп оқушыларына керағар ағымдардан сақтандыру бойынша арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Діни сауаттылық қоғамда қаншалықты жоғары деңгейде болса, діни алауыздық соншалықты төмен деңгейде болады деп білімнің, тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі тұшымды жауаптар берілді.

Комментарии закрыты.