zUnqfBnpzUg

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

«Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Уақытты тиімді пайдаланудың әдістері» атты психологиялық семинар-тренинг өтті.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы мен өндірістік тәжірибеден өтуші психолог практиканттар семинар барысында «Жұмысты жоспарлау», «Өмір шеңбері», «Менің ойым» секілді тренинг, тапсырмалар өткізді.
Қатысушылар әр тренингтен істің жоспарлануы, басымдылығы туралы түйген ойларымен бөлісіп, қорытындылап отырды.
Пайдалы уақыт пен техникалық уақыттың айырмашылықтары атйтылып, уақыт өлтіруші істер туралы сөз етілді.
Жастар өз өмір шеңберінің дөңгелегі жүруіне кедергі себептерді анықтады.
Сонымен қатар психолог Эльмира Қайырғалиқызы мақсатқа жетуге еш пайда әкелмейтін істер тізімін жасап, уақытты тиімді пайдалану әдістерін ұсынды.
Семинар барысында Өмірзақ Сындар мен Өмірзақ Іңкәр «Уақыттың қадірі» өлеңін оқыды.
Ал «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев «Аср» сүресінің мағынасы туралы баяндады.

Ал сіз уақытыңызды қаншалықты тиімді пайдаланып жүрсіз? Әлеуметтік желіге қанша сағатыңызды арнайсыз? Ойланып көрдіңіз бе? Осы секілді сұрақтарға жауап алам десеңіз, әр жексенбі орталықтың ұйымдастыруымен жоспарлы түрде өтілетін шаралардан тыс қалмауға шақырамыз!

Комментарии закрыты.