43c26fee-772b-41cc-bc6c-1868c10a0a4a

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР. ҚЫЗУ ТАЛҚЫ.

Иә, бүгінгі жексенбілік кездесуді осылай атаса болады. Бүгінгі күннің қызуын қосыңыз оған. Бір сөзбен айтқанда аудитория атмосферасы қызып тұрды. Қаралған кино: «Гарантия» отандық өнім. Талқыға түскен мәселе: ене мен келін арасы, отбасы қарым-қатынасы . Әр жастың түйгені, айтқан ой-пікірі мақтарлық. Бірер сөзбен түйіндесек:______

1. Әуелі адамға келін, ене, күйеу деп емес, АДАМ деп қарай білуіміз керек. ____

2. Дін мен дәстүрді бағдарға алып, әрекет етуіміз керек. Өйткені біз қазақ болып жаралдық, өстік, тәрбиелендік. Өзімізден өзге ұлт жасай алмаймыз. ____

3. Дінімізде истихара, истишара деген түсінік бар. Истихара – белгілі бір сұраққа байланысты Құдайдан сұрайтын кеңесіміз болса, Истишара – айналамыздан сұрайтын кеңес, яки ақылдасу. Осы нәрсені ұмытпай, айналамызбен сөйлесіп, көбірек кеңес құрумыз қажет. ________

Бұл бүгінгі жастардың шығарған түйіні. Бәрекелді дейміз! _________

P.s.: Аптаның әр жексенбісі пайдалы демалыс, сапалы уақыт күтеді. Осы кездесуге келсін, бізбен бірге пайдалы ілімге ұмтылсын деген достарыңызды белгілеңіз.

Комментарии закрыты.