53d04d70-be3c-40fc-8b05-470d1daaf8fa

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы «Ақпараттық түсіндіру және оңалту» бөлімінің басшысы С.Ұлқабай Ақтөбе гуманитарлық колледжінде және облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде жастармен кездесу өткізсе, орталықтың теолог-маманы Сұлтан Жидебаев Ақтөбе Жоғары ауыл шаруашылық колледжі студенттерімен  жүздесті.

Шара барысында  жастарды жат ағымнан сақтандыру мақсатында теріс діни көзқарасты насихаттаушылардың белгілері мен ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар облыстық төтенше департаментінде қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен өткен дәрісте С.Жидебаев дәстүрлі дін мен қазақы ғұрыптардың байланысы жөнінде сөз етті.

Комментарии закрыты.