Tc0tlS83dus

ЖАСТАР ДЕМАЛЫСТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы «Жастар жылына» орай әр жексенбі облыстық кітапхананың Коворкинг орталығында түрлі форматтағы шаралар ұйымдастыруда.
________
Өңіріміздегі жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатындағы бұл шығармашылық шаралар жастар тарапынан жақсы сұранысқа ие боп отыр.
________
Аталмыш шараларға студенттер, жас мамандар, еріктілер белсенді қатысып, рухани, шығармашылық, зияткерлік дамуды қалайтын орта пайда болды.
________
Кешегі жексенбіде жастарға арналған «Мен және менің мінезім» атты психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
________
Қатысушылар өз бойындағы жаман мінез-құлықтарды жою, жақсы қасиеттерін дамыту, жақсы сөз бен ойдың мінезге қатысы жайында жан-жақты ақпарат алды. Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, өз ойларымен еркін бөлісті.
________
Бұндай шығармашылық даму шаралары күннен-күнге жастардың бойындағы зияткерлік, ұйымдастырушылық және тағы да басқа қырлары мен қабілеттерінің ашылып, ортаға салып, жастардың қажеттіліктерін өтейтін тың идеяларымен бөлісуіне септігін тигізуде.

Комментарии закрыты.