fae5755f-9443-4f3c-babb-16e5043f1f52

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Әйтекеби ауданында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және аудандық ішкі саясат тапсырмасы негізінде, «Аманат-Әйтеке би» ҚБ ұйымдастыруымен Әйтеке би аудандық мешіт жамағаты арасында «Ислам ғылымхалы» кітабы бойынша зияткерлік сайысы өткізілді. Аталмыш шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан әділқазылық етіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әділқазы алқасының шешімі бойынша жүлделі 3 орынды – Тұрақ Бекасыл (10 000 тг), 2 орынды – Акмурзин Әкімкерей (15 000 тг), 1 орынды – Акмурзин Наурызбай (20 000 тг) иеленді. Сонымен қатар, шараға белсене қатысқан мешіт шәкірттеріне алғыс хатпен Қ.Құрманбаев және Е.Есімқұловтың «Ислам тарихы» кітабы сыйлыққа табысталды.

Комментарии закрыты.