_MG_4927

«Дін. Қоғам. Жастар»

Жыл басында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Абдуллиннің бекітуімен «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы бекітілді. Аталмыш жоба аясында өңіріміздегі жастарға арналған түрлі форматтағы шығармашылық, мәдени-спорттық, танымдық және қайырымдылық шаралары жүзеге асырылуда. Осы жылы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жанынан «Аңсар еріктілері» қайырымдылық тобы құрылып, «Алғыс айту күні», «Көрісу күні», «Наурыз» мерекелерінде халық көп шоғырланатын сауда үйлерінің алдында қайырымдылық акцияларын өткізді. Сонымен қатар жамағат арасындағы көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға азық-түлік таратты.
Тек қана қала көлемінде емес, аудандарда, соның ішінде, Мәртөк ауданында орналасқан Жайсаң балалар үйіне барып, балалармен бір күн шығармашылық шараларын ұйымдастырды. Көктем келісімен облысымыздың 150 жылдық мерей тойына арнап «150 жылдыққа 150 түп ағаш» акциясын бастап, 25 түп ағаш егіп, акцияны «Мейірім» қайырымдылық тобына жолдады.
Жастардың тек қайырымдылық шараларымен айналысып қана қоймай, жеке рухани дамуы үшін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханамен келісе отырып, Коворкинг орталығында әр жексенбі сайын жастарға арналған «Кинотайм», «Кейіпкермен сұхбат», «Оқырмандар клубы» және психологиялық семинар-тренинг және т.б. шығармашылық шаралары өткізілуде.
Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру және қайырымдылыққа үлес қосу мақсатында өңіріміздің ерікті жастары арасында шағын футболдан қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Сайысқа 24 команда қатысты. Оның ішінде, 6 команда Бөгетсай, Тасқопа, Сарат, Құтикөл, Жабасақ және Желтау ауылдарынан келіп, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты.
Ал, командалардың сайысқа қатысу жарнасы ретінде жинаған қаражаты бүгінгі форум аясында көмек ретінде төрт отбасыға 50 000 теңгеден 200 000 теңге қаржылай сертификаттар табысталды.

Комментарии закрыты.