ca88753f-80c0-4ac1-b6e7-ef45ca43f6bb

ОЙЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог-маманы С.Жидебаев Ойыл ауданындағы кезекті іс-сапарында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның бірқатар мекеме ұжымдары және жастарымен жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізді.

          Кездесу барысында «Дін мен Дәстүр», «Дін және Жастар» тақырыптарында аудандық «Ақтөбеэнергосистема» АҚ, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Барлық кездесулерде ақпараттық материалдар үлестірілді.

 Сонымен қатар, аудандағы мешіт жамағатына «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Комментарии закрыты.