23a10cc8-cdd6-4af8-90fc-d540792550f8

ОРТАЛЫҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Облыстық АТТ мүшесі, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығында болып, орталық жұмысымен танысты.
Орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жаңадан алынған діни әдебиеттермен таныстырып, орталық тапсырысы бойынша түсірілген бейнероликті көрсетіп, алдағы жұмыс жоспары мен өткізілетін шараларды пысықтады.
Орталық жұмысын талдаған «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин бейнеролик мазмұнына қатысты сын пікірін білдіріп, өзгертулер мен толықтырулар еңгізуді тапсырды. Діни кітаптардың аздығын тілге тиек етіп, маңызды діни әдебиеттерді көбірек алып, мақсатты аудиторияларға тарату қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, Облыстық АТТ мүшелері Нұрсұлтан Жаншин мен Қайрат Дәрменов аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әлимен жұмыс барысын талқылады.

Комментарии закрыты.