b01a4e0f-bd7f-48a9-9829-2d6d72478e58

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» онлайн байқауында орындалатын 3-ТАПСЫРМА тақырыбы: «АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ ДІНИ ҚАЙТРАТКЕРЛЕРІ». Ақтөбе өңірінен шыққан діни қайраткерлердің(қожа, ишан, молда, хазрет, т.б.) елге қылған рухани қызметтерін жазу, көпке үлгі ету. Халықты ізгілік пен иман жолына шақырып, мұсылмандық дәстүр мен білім таратып, ел мүддесі үшін қызмет қылған діни тұлғалар турасында жазу. Жазар тұлғаңыздың фото-суреті болса құба-құп.

Осы суретті скрин жасап, өз парақшаңызға жариялайсыз немесе репост жасайсыз. Таныстырып отырған діни қайраткердің фото-суреті болса, екінші сурет етіп тіркейсіз.
___
Сурет астына «Ақтөбе өңірінің діни қайраткерлері» тақырыбында пост жазып #ansardinmenjastar хэштегімен жариялайсыз.
____
3-тапсырма 15 МАУСЫМ КҮНІ түнгі сағ. 23.00-ге дейін орындалады. Жеңімпаз 17 МАУСЫМ күні @ansarcn инстаграм парақшасының ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ жарияланады.
_______________________
ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН САУАТТЫ, ТАҚЫРЫПТЫ АШЫП, МАЗМҰНДЫ ЖАЗҒАН ОҚЫРМАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫП, ЖОҒАРЫДАҒЫ СУРЕТТЕ КӨРСЕТІЛГЕН СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕСІ АТАНАДЫ! ЕШ ЖЕРДЕН КӨШІРМЕЙ, ӨЗІҢІЗ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗІП, ӨЗ ТҮЙГЕНІҢІЗДІ ЖАЗУ МІНДЕТТІ. БАСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН БІРДЕЙ БОЛМАУЫН, ЖАЗЫЛАР ДІНИ ТҰЛҒА ҚАЙТАЛАНБАУЫН ЕСКЕРІҢІЗ. БАРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ.
____
ЕСКЕРТУ: Байқауға тек Ақтөбе облысы мен қала аумағындағы оқырмандарымыз қатыса алады! Жас шектеуі: 14–29 жас аралығы.

Комментарии закрыты.