35e45297-51f1-42d7-a56a-88e840a1948c

«АҢСАР» БАСТАҒАН «ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ АУДАНДАРДА ЖАЛҒАСУДА

Аңсар» орталығының бастауымен нәтижелі өткен «Ислам ғылымхалы» зияткерлік сайысын алғаш боп Хромтау ауданы жалғастыруда.
@din_hromtau ресми әлеуметтік желісінің хабарлауы бойынша зияткерлік сайыс Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының ұйымдастыруымен өткен.
________________
Сайыс қорытындысында: – I орын 25 000 тг. Мұратбек Дәрменов;
– ІІ орын 15 000 тг. Нұрым Байдоллаев;
– ІІІ орын 10 000 тг. Фархад Елгондин;
– және ынталандыру номинациясы 5000 тг. Серік Абдуллин иеленген.
_______________
Жастардың рухани – танымдық тәрбиесін арттырып, ислами-діни сауатты жастар санасына ұялатуды көздеген «Ислам ғылымхалы» зияткерлік сайысына
– «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин;
– «Нұр» мешітінің наиб имамы Марал Иманғали;
– «Қаһарман» жастар бірлестігінің жетекшісі Фархад Сағынбай төрелік еткенін жеткізеді

Комментарии закрыты.