IMG_6144

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТЫҢ ҮЗДІК ҮШТІГІ

Үш команда арасынан білімімен, ойымен ерекшеленген үш қатысушы іріктеліп, «Ізденімпаз қатысушы» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Бұл үздік үштік: Нұрлыбай Жандос, Тәттіғали Зәру Дәрібайқызы, Тілеуімбетов Аспандияр Тасболатұлы.

Зияткерлік сайыс жөнінде Қобдалық қатысушы Нұрлыбай Жандос: «Бар дәстүріміз дінмен астасқан, селбесе байланысқан. Бүгінгі шара осының дәлелі. Дінді ең алғаш таратқан қожалар әу бастан қазақ халқының табиғаты, тілінің тазалығы, дәстүрінің тұнықтығы Ислам шариғаттарына сәйкес екендігін, үндесіп жататынын айтқан. Осы отырған жастар келешек ұрпақты қалыптастырар аға буын. Қай заман, қай ұрпақ болмасын өзінен кейінгі жастар үшін қызмет еткен, соларға сенім артқан. Сол сенімге селкеу түсірмей, сіз болып, біз болып, дінімізді, тілімізді, мәдениет пен әдебиетімізді өркендетуге атсалысайық. Ұйымдастырушыларға алғыс»,- деп өз лебізін білдірді.

Әр қатысушы мен белсенді көрермендерге бағалы сыйлықтар табысталды #ansarbabalarmurasy#аңсарбабалармұрасы
#dinkogamjastar #дінқоғамжастар

Комментарии закрыты.