ee504d38-bc78-405e-b1ef-3656469cc645

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Бабалар мұрасы – бізге аманат» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетіп, жеңімпаз топқа бас жүлде 100 000 тг. табысталды.

Аталмыш сайыс 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай облыс әкімі бекіткен «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында өткізілді.  Сайысқа Ақтөбе қаласынан және де Қобда, Алға, Бестамақ аудандарынан 18-29 жас аралығындағы жастар қатысты.
Зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты: дін мен дәстүрдің сабақтастығын, тіл мен тарихтың маңызын насихаттай отырып өскелең ұрпақтың бойында жат ағымға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Тартысты ой додасының қорытындысында «Жетісу» тобы жеңімпаз атанып, 100 000 тг. иегері атанды. Құттықтаймыз! Топ мүшелері: Болатбай Саламат Болатбайұлы, Наурызбаева Жұлдыз Төреғалиқызы, Жарылғасынов Қуаныш Мырзабекұлы, Мизамов Ержан Маратұлы.

Зияткерлік сайысқа әділ төрелік етіп, одан өңге жастарға ақыл-кеңес беріп, діндар мен діншілдің, ұлжанды мен ұлтшылдың, рухани ілім мен дүниауи ғылымның маңызын ашып көрсеткен қазылар
– Алға аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы – Разақов Нұрмұхаммед Шәмшіұлы;
– Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы – Дәрменов Қайрат Қуанышбекұлы;
– «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлына алғыс білдіреміз! Сайыс соңында қазылар алқасы «Бабалар мұрасы – бізге аманат» зияткерлік сайысының қоғам үшін, мемлекет үшін маңызын, бабаларымыздан қалған саф танымды түсініп, мән-мағынасына тұшынып, келешек буынға жеткізуде рөлін баса айтып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ісіне береке тіледі. Ал жиналған озық ойлы жастарға күтер үміті мен артар сенімін жеткізді

Дәстүрі дінге байланған, мәдениеті терең, әр ғұрыптың артында үлкен философия жатқандығын тануда, танытуда үлес қосып, дәріптеуге атсалысқан қазылар алқасына, қатысушыларға, көрермендерге алғыс білдіреміз!

Комментарии закрыты.