IMG_6002

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС 7 КЕЗЕҢНЕН ТҰРДЫ

Зияткерлік сайыстың ақтық мәресі 7 кезеңнен тұрды. Сайыстың шарты бойынша әр топ үлкен ел, мемлекет болуға тырысу қажет. Ал, Алаш айтқан мемлекет болудың 5 шарты: 1. жер мәселесі; 2. байлықты игеру; 3. экономикалық тәуелсіздік; 4. Ұлттық тіл, дін, діл; 5. Ғылым, ұлттық салт-дәстүрге сай мемлекет құру. Әр кезеңде қатысушылар жоғарыда аталған мемлекет болудың негіздеріне сай сұрақтарға жауап беріп, жер,дүние-мүлік, қазына иеленді.

Сайыс барысында қатысушылар дәстүрімізде, тілімізде ұмыт болған немесе шығу тегі көпке белгісіз әдет-ғұрыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, дінмен байланысын негіздеп түсіндірді.
Сайыс барыснда қатысушылар ұлттық тағамдарға жарнама жасап, бизнес жоспар құрды.
Қатысушылар кретивті салып, қазір сәндегі маркетинг, таргетинг тәсілдерін пайдалана отырып, ұлттық өнімдер: жент, тары, құрт, шұбатты әлемдік аренаға шығару үшін жарнама жасады.
Сергіту мақсатында көрермендер арасында асық та ойналды. Біле білсеңіз, асық ойнатудың басты мақсаты – мергендікке, соның ішінде ат үстіндегі мергендікке үйрету. Өйткені асық ойының шарты бойынша, асықты теңселіп тұрып атамыз. Бұл ат үстінде шауып келе жатып нысана көздегенмен тең. Жастайынан асық ойнап өскен бала мерген, епті, зерек яғни нысанаға тигізу үшін ойша есеп жүргізу керек болады, және шыдамды боп өседі екен. Көрермендер халқымыздың жастайынан жауынгерлік өнерге үйреткен асық атудан мергендіктерін танытып, «Аңсар» орталығының атынан сыйлықтарға ие болды.
Сайысты қызықты да тартысты етіп жүргізушілер – Мурсалина Оралбике және Сағадатов Райбек болды.

Комментарии закрыты.