dbde420a-ccdf-445a-85df-c6638fc70739

«АҢСАР» ОРТАЛЫҒЫ БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы 4-5 шілде күндері Байғанин ауданында болып, жұртшылыққа діни ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру тобының құрамында «Аңсар» орталығының «Түсіндіру және оңалту» бөлімінің басшысы Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлы, «Ансар кеңес беру және оңалту» орталығының басшысы Төлеубай Әлібек Сиражаддинұлы, «Аңсар» орталығының теолог маманы Имағанбетов Қайрат Еділұлы болды.
Кездесуде көтерілген тақырыптар:
– «Теріс ағымнан жастарды қорғау»;
– «Дұрыс орта таңдау»;
– «Жат ағым белгілері»;
– «Діндегі бала тәрбиесінің орны»;
– «Дін мен дәстүр» құндылықтары;
– «Теріс ағым белгілері және сақтану жолдары».
Кездесу аудандық мешіт жамағатын, «Шұғыла» бала-бақщасының ата-аналарын және «Байғанин аудандық ауруханасы», «Қорғаныс істер бөлімшесі», «Аудандық ішкі істер бөлімі», «Байғанин аудандық жұмыспен қамту орталығы» қызметкерлерін қамтыды.
Кездесу барысында теріс ағымның
– Жергілікті басшыға бағынбау;
– Дәстүрлі діндегі заңдылықтарға қарсы шығу;
– Салт-дәстүрге қарсы шығу деген сияты белгілері аталды.
Және ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың балаға беретін ең үлкен сыйы дұрыс тәлім-тәрбие екендігі айтылып, «Адам досының дінінде» деген хадистің мазмұнын ашып, дұрыс орта таңдай білудің маңызы дін тұрғысынан дәйекті дәлелдермен түсіндірілді.

Комментарии закрыты.