50cba009-1998-4198-b347-871cb0705a62

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Шілде айының 18-19 жұлдызында Алға аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Н.Ш.Разақов және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Панаев Қарғалы ауданы мен елдімекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жат ағымдардың әлеуметтік желілерде жұмыс жасау жүйесі, олардың сипаттары және сақтану жолдары айтылды.

Интернет желісіндегі жат ағымдар торына түспес үшін:
– интернет желісіндегі толассыз діни ақпараттарға сенбеу, ҚМДБ бекіткен ресми парақшаларды пайдалану;
–өзіңіз мағынасын түсінбейтін неше түрлі арабша жазылған картинкаларды таратпау, әлеуметтік желіге салмау;
– бала мен ата-ана арасында діни ақпарат іздеуде өзара сенім қалыптастыру, яғни бала әлеуметтік желідегі өзі оқитын парақшаларды еш жасырмай, ашық түрде ата-анасына көрсете алуы керек, ал ата-ана дұрыс бағытқа сілтеп, қолдау білдіре алуы керек;
– интернеттегі кез-келген ақпаратты қатаң сүзгіден өткізіп, тек пайдалы жағын ала білу керек; – діни білімді онлайн емес, діни салада оқыған жергілікті білім иелерінен алу керек. Бұл тұрғыда «Аңсар» орталығының есігі дін мәселесіндегі әр ізденушіге ашық.

Кездесу Қарғалы ауданы және Желтау, Петропавл ауыл тұрғындарын, «Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру мекемесінің» қызметкерлерін қамтыды.

Кездесу соңында ауыл ақсақалдары мамандарға ризашылықтарымен қоса жалпы жұртшылықта діни білімнің жоқтығын айтып, бұндай кездесулерге қала, ауыл тұрғындарының бірі қалмай келуі керектігін жеткізді.

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ММ
Аңсар ақпараттық талдау орталығы КММ

Комментарии закрыты.