IMG-20190711-WA0072

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ДӘРІС

«Аңсар» орталығының маманы Н.Панаев төтенше жағдайлар департаментінде болып, мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді.

Дәрісте «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбы көтеріліп, қызметкерлер сауалдарына жауап берілді. Көпшілік жат ағымдарға адамдардың қалай кезігіп, қалай өзге ағымның боданы болатыны жөнінде көптеген сұрақтар қойып, теолог маманнан тұшымды жауаптар алды. Шариғаттағы «хижрет» сөзінің мағынасы(яғни жат әдеттер мен күнәлардан аулақ болу) айтылып, түсіндірілді.

Комментарии закрыты.