2baeb5d0-f01a-4c3b-a875-4c5998109d74

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ ДАМУ ТРЕНИНГІ

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының қыз-келіншектер, әйел жамағатына «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және «Жарық» орталығы «Әйелдің рухани дамуы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Тренингте қыз-келіншектерге «Аңсар» орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы мен «Жарық» орталығының психолог маманы Балауса Аетова рухани даму, жақсы ойлау арқылы өмірді өзгерту, әйел энергетикасын арттыру туралы ақпараттар берді.

Шариғи тұрғыда қыз бала, әйел адамның көркем мінезділігі, отбасындағы, қоғамдағы рөлі туралы теолог маман Айжан Қаңтарбаева сөйледі.

Нәзік жандылар көкейлеріндегі түрлі сұрақтарды қойып, сенімді діни және психологиялық тренингтер үшін алғысын білдіріп, мамандардың жеке қабылдауында да болды.

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ММ
Аңсар ақпараттық талдау орталығы КММ

Комментарии закрыты.