f439ca72-6a5b-45e7-a0ac-f21208f6a283

ТУЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ «ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Ақтөбе дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында, «Құрбан айт» мерекесіне орай Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментіне қарасты КА-168/2 түзету мекемесінде зияткерлік сайыс болып өтті.

Ханафи мәзһабы бойынша жазылған «Ислам ғылымхалы» (М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы) кітабының «Тазалық және Намаз» бөлімдері бойынша өткен зияткерлік сайыс деструктивті діни ағымдардың алдын алу, дәстүрлі ханафи мәзһабын кеңінен насихаттау мақсатын көздеді.

Сайысқа 26 адам қатысып,1-кезеңнен жоғары балл жинаған 10 қатысушы келесі кезеңде білімдерін сынады.

Сайыс төрелері:
— Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы – Дәрменов Қайрат Қуанышбекұлы;
—«Ансар кеңес беру және оңалту» орталығының басшысы – Төлеубай Әлібек Сиражаддинұлы;
— Дін мәселелері жөнінде ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог – Такеев Нұрлыбек Панабайұлы жүлделі 1-ші, 2-ші және 3-нші орындарды анықтап, қатысушыларды дәрежелі диплом және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Екінші кезеңге өткен 7 қатысушыға алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сайыс соңында орталық басшысы Н.Б.Жаншин аталмыш зияткерлік сайыс әркез жақсы нәтиже бергендіктен түзету мекемесінде де өткізу жоспарланғанын айтып, орталық жұмысымен таныстырды. Өз кезегінде жазасын өтеушілер орталыққа алғысын білдіріп, алдағы уақытта «Аңсар» орталығы өткізіп жатқан түрлі бағыттағы шаралар түзету мекемесінде де тұрақты түрде болып тұрса, белсенді қатысатындарын жеткізді.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ММ
Аңсар ақпараттық талдау орталығы КММ

Комментарии закрыты.