c1df4f38-df77-41b7-bce0-e6fc93010820

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР СЕМИНАР СПИКЕРЛЕРІНЕ ДӘН РИЗА

25 шілдеде өткен «Жаңа өмір» психологиялық семинар тренингі оң нәтиже беріп, қатысушылар тарапынан өте жақсы деген бағаға ие болды.
____________
Семинар спикерлері: – теолог, ұстаз Бақыт Жаңабайқызы исламдағы әйелдің рөлі, ер мен әйелдің ойлау өзгешелігі, бала тәрбиесі туралы ауқымды ақпараттар берді. Ұстаздың айтуынша дінімізді дұрыс білмегендіктен өз жанымызды түсінбей, мәселелерімізді шеше алмай жатырмыз. Асыл дінімізге ден қойып үңілсек, әр нәрсенің жауабы табылады дейді.
– психолог Эльмира Қайырғалиқызы жаман ойдан шығатын кеселдер мен олардан құтылу, өзіңді жақсы көру, қабылдау турасында айтып, қатысушыларға практикалық тапсырмалар берді.
– психолог Аетова Балауса түрлі дене жаттығулары, ерекше қимылдар арқылы ми талшықтарына әсер етуге ден қойып, қатысушыларды сергітіп алды.
___________________
Тренинг қатысушылары спикерлерге өте құнды білімді тегін беріп жатқандары үшін алғысын жаудырып, өз ұсыныстарын білдірді.

Комментарии закрыты.