Рисунок1

ДІНДАРЛЫҚ ПЕН ДІНШІЛДІКТІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ АЙТЫЛДЫ

Шілденің 27 жұлдызы «Ансар» кеңес беру және оңалту орталығының басшысы Ә.С.Төлеубай, «Аңсар» орталығының теолог маманы Д.Ұзақбай, Алға аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Н.Ш.Разақов Темір ауданында және елдімекендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жұршылыққа діндарлық пен діншілдіктің айырмашылығы айтылды. Мысалы: Діндарлық – діннің тыйым салғандарынан аулақ жүріп, күнәлі іске бармау, өз нәпсіңмен күрес жүргізу. Жан-жағыңа ізгілікті таратып, ұлтқа, елге пайдалы болу.
Діншілдік – ұлттық мүддеге қиғаш келіп, дін мен
жергілікті салт-дәстүрді соғыстырып қою. Ұлттық
құндылықтарды тәрк ету, өзге адамдардың сенімін, көзқарасын мойындамау, тек өзім білемге салу.

Бұдан өңге «Әлеуметтік желілердегі теріс ағымдардың көрінісі», «Вахабилік ағымның шығу тарихы», «Шынайы ықыластың белгілері» айтылды.

Кездесу Темір ауданы және елдімекендерінің тұрғындарын, аудандық «Досжан ишан» мешіті жамағатын, Темір аудандық әскери бөлімшесін, бала-бақша ата-аналарын, ЖКХ қызметкерлерін, «Газ техникалық қызмет көрсету» мекемесінің қызметкерлерін, «Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру» мекемесінің қызметкерлерін қамтыды.

 

Комментарии закрыты.