IMG_6302

ҚАЛАЛЫҚ ЛИГА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында «Құрбан айт» мерекесіне орай Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мешіт жамағаттары арасында ұйымдастырып жатқан шағын футболдан лиганың жартылай финалы өз мәресіне жетті.

Жартылай финал қатысушыларына – Ақтөбе дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы;
– ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі, Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы – Оспан Төлеби Дәділұлы; – «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы ойыншыларға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды марапаттады.
Қалалық лиганың жеңімпаздары:
І орын – «Қалалық мешіт» командасы қысқатолқынды пеш;
ІІ орын – «Қабақ баба мешіті» командасы ауыз суға арналған кулер;
ІІІ орын – «Әл-Латиф мешіті» командасы 3D сағат иеленді.
1-ші және 2-ші орын алған екі команда тамыз айында болатын облыстық турнирге жолдама алды.
Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» –Қайыпин Азамат, «Үздік қорғаушы» – Ибраимов Медет, «Үздік қақпашы» – Күлсейітов Азат марапатталды.

Ал тамыз айында жеңімпаз командалар финалда ала доптан бақтарын сынап, жеңімпаз командалар Құрбан айт күні арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Комментарии закрыты.