Рисунок2

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ ЖӨНІНДЕ ТЕРЕҢ ТҮСІНІКТЕМЕ

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне «Аңсар» орталығының теолог мамандары Жидебаев Сұлтан, Имағанбетов Қайрат ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Жиын барысында Қазақстандағы діни ахуал теологиялық тұрғыдан түсіндірілді. Атап айтсақ, қазіргі таңда елімізде 18 діни конфессия тіркелген. Оның екеуі: дәстүрлі Ислам дінінің Әбу Ханифа мәзһабы және христиан дінінің православие бағыты. Одан бөлек 16 дәстүрлі емес діни бірлестіктер бар. Бұлардан басқа Қазақстанда тыйым салынған жеке мүдделері үшін адам санасын улап, жат идеология сіңіртуге тырысатын деструктивті діни ағымдар бар. Ел дамуы мен жеке адамның дамуына тосқауыл болып, ел арасында бүлік тудырып отырған осы деструктивті діни ағымдар. Аталмыш бүлікші ағымдарға қарсы тұрудың жолдары: діни сауаттылық, дәстүрлі дін мен бүлікші діни ағымдарды ажыра білу, жат ағымдардың сипатын білу.

Және де кездесу барысында Исламның Қазақ еліне келу тарихы да айтылды. Төтенше жағдайлар департаменті өз тарапынан сенімді дереккөз үшін «Аңсар» орталығына алғыстарын білдірді.

Комментарии закрыты.